Қазақстандық дарынды бала Испанияда доп тебеді

О Сансызбай Корреспондент

Екі апта бұрын Испанияға жол тарқан жас талант «Реал Вальядолид» жастар академиясымен келісім-шартқа отырыпты. Алматыдағы Республикалық спорт колледжінде жас жеткіншектерді жаттықтыратын Василий Маруняктан тәлім алған Алдиардың ойыны испандықтарға ұнаған.

Қазақстандық жас футболшының Вальядолид академиясына түсуіне ресейлік агент Павел Астафьевтің көмегі тиіпті. Ол Алдиардың ойыны жазылған дискіні аталған академияға жолдаған екен. Алдиардың әкесі Мараттың айтуынша, бапкерлер жерлесіміздің ойынына риза көрінеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын вальядолидтік «Реал» халықаралық футбол мектебін құру үшін қор құрған. Қазіргі таңда футбол академиясына айналған мектепте әлемнің көптеген елдерінен келген жас жеткіншектер жаттығуда.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама