Сербияның Врбас қаласында жасөспірімдер арасында екінші рет ұйымдастырылған Ұлттар кубогы турнирі аяқталды. 15-20 тамыз аралығында өткен Сербиядағы халықаралық жарысқа 26 елдің өкілдері қатысып, 200-ден астам спортшы бақтарын сынады. Байрақты бәсеке Драго Йовович атындағы спорт кешенінде өтті. Турнирге 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдерқатысты. Көбі Еуропа елдерінің өкілдері. Олар үшін бұл турнир алдағы Еуропа біріншілігі алдындағы жақсы дайындық болып отыр. Сонымен қатар, жарысқа АҚШ пен Маврикия елінің өкілдері, Азия құрлығынан Қазақстан, Өзбекстан және Индия спортшылары қатысты. Финалда 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетіп,халықаралық турнирдегі үздік нәтижені көрсетті.Жас боксшыларымыз 7 алтын, 1 күміс, және 5 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Сұлтан Бабаханов финалда АҚШ боксшысыБрион Каротерсті жеңіп, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал Нұржан Амангелді (63 кг) ақтық кездесуде АҚШ спортшысы Касин Голдстоунды жеңіп, сапалы бокс көрсеткені үшін марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:Ерболат Сабыр (50 кг) алтынАлмаз Ұзыханов (54 кг) алтынСұлтан Бабаханов (60 кг) алтынНұржан Амангелді (63 кг) алтынӘмир Болатов (66 кг) алтынЕвгений Приходько (75 кг) алтынАманат Сабырғали (+80 кг) алтынЕрасыл Танкай (52 кг) күмісБауыржан Сәтжанов (57 кг) қолаМейіржан Айдар (60 кг) қолаИлья Киселев (70 кг) қолаЕрасыл Жакпеков (75 кг) қолаГеоргий Аушев (+80 кг) қола