Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшыШыңғысхан Тәжібай(5-0, 2 КО) 3 наурыз күні Нью-Йоркте кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз Barclays Center аренасында өтетін аса ауыр салмақтағыДеонтей Уайлдер(39-0, 38 KO) менЛуис Ортис(28-0, 24 KO) арасындағы жекпе-жектің андеркартында шаршы алаңға шығады. Шыңғысхан Тәжібайдың қарсыласы әлі анықталған жоқ. Алдын ала жоспар бойынша жекпе-жек 6 раундтық жүйе бойынша өтеді. 25 жастағы қазақстандық боксшы осыған дейін кәсіпқой бокста 5 кездесу өткізген. Оның барлығында жеңіске жеткен. Бокс кешіндегі басты жекпе-жектеДеонтей УайлдерменЛуис ОртисWBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласады. Сондай-ақ бұл бокс кешінде қазақстандықГеннадий Головкиннің(37-0-1, 33 КО) чемпиондық атағына үміткер боксшылар да шаршы алаңға шығады. WBC уақытша чемпиондық атағы үшін америкалық боксшыларДжермалл Чарло(26-0, 20 КО) менУго Сентано(6-1-0, 14 КО) жұдырықтасады. Ал IBF тұжыры бойынша украиналықСергей Деревянченко(11-0, 9 КО) америкалықДашон Джонсонмен(22-22-3, 7 KO) кездеседі. Деонтей Уайлдер мен Луис Ортис арасындағы жекпе-жектің андеркартында Геннадий Головкинмен жұдырықтасқанВилли Монро(кішісі) да жекпе-жек өткізеді.