Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы халықаралық турнирде үздік шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ http://kfb.kz

16-20 қаңтар аралығында өткен жарысқа 20 елден келген 170-ке жуық боксшы қыздар қатысты. Тас-түйін дайындықпен барған Қазақстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік шықты.

Ересектер арасында Алуа Балқыбекова (48 кг) финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал 51 кг-ға дейінгі салмақтың финалында қазақстандық боксшы қыздар кездесті. Ангелина Лукас Назым Қызайбайды ұтып, чемпион болды. 54 кг салмақта Дина Жоламан, ал ауыр салмақта (+81 кг) Ләззәт Күнгейбаеваға тең келер қарсылас табылмады. 60 кг салмақта Римма Волосенко чемпион атанып қана қоймай, жарыстың үздік боксшысы марапатына ие болды.

Әлия Әбдірайымова (64 кг), Ақерке Бақытжан (69 кг), Баян Ақбаева (69 кг), Аида Оңдаш (75 кг) және Мөлдір Базарбаева (- 81 кг) жарыстың қола жүлдесін еншіледі.

Жастар арасында Мария Гладкова (57 кг), Анель Сакиш (51 кг) және Анель Құдайберген (48 кг) алтын медаль еншіледі. Еркежан Дәулетжанқызы (57 кг), Мөлдір Тоикова (54 кг) және Ұлжанай Мамутова (64 кг) күміс жүлдегер атанса, Гүлсая Еріпжан (81 кг) қола алды.

Жасөспірімдер арасында Жібек Жарасқызы (66 кг), Айжарық Шерихан (70 кг) мен Ксения Древал (+80 кг) өз салмақтарында үздік шықты. Сымбат Алиасқар (46 кг), Гүлнар Тұрапбай (52 кг), Валерия Семенова (70 кг) мен Назерке Серік (57 кг) күміс алды. Талшын Тосбай (60 кг), Камиля Ахмет (52 кг) және Айдын Теміржан (57 кг) қола жүлдегер атанып қайтты.

Қазақстандық боксшы қыздар ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында жалпы есепте бірінші орын алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама