Бокстан Сербияның Самбор қаласында ұйымдастырылған Nations Cup-2018 халықаралық турнирі аяқталды. Қыздар арасында өтетін дәстүрлі жарыс биыл жетінші рет өз жалауын желбіретті. Қазақстандық боксшы қыздар бұл бокс бәсекесінде жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыста отандастарымыз барлығы 24 медаль (7 алтын 7 күміс 10 қола) жеңіп алды. Қазақстан құрамасы Сербиядағы жарысқа тас-түйін дайындықпен барды. Ересектер арасындаФариза Шолтай(81),Дина Жоламан(54),Карина Ибрагимова(60),Мәдина Нұршаева(64),Дариға Шәкімова(75) жәнеЛәззат Кунгейбаева(+81) жеңімпаз атанды.Алина Тұрлыбаева(48),Жайна Шекербекова(51),Аида Тұяқбай(54),Назым Ищанова(57) менАқерке Бақытжан(75) күміс медаль еншіледі. Қазақстан құрамасының қоржынына түскен тағы бір алтын жүлдені жасөспірімдер арасында 48 кг-ға дейінгі салмақтаШырайлым Бақытжанжеңіп алды. Ал жұдырықтасу шеберлігі мен шабуылдағы шапшаңдығымен ерекшеленген қазақстандық боксшы қызКарина Ибрагимоваүздік боксшыға берілетін басты сыйлықты иеленді.