Қазақстандық боксшы "Канелоның" спарринг қарсыласы болады

Жолдас Өрісбай Корреспондент
Фото ©️ baribar.kz

"ВКонтакте" желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" парақшасының мәліметі бойынша, Бобыржан ертең Калифорния қаласында "Канело" жаттығып жүрген залға барып, мексикалық боксшының командасымен келіссөз жүргізеді. 

"Билет алып қойдық, Бүгін кешке ұшамыз", - деді боксшы. Момынов осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, барлық кездесуінде жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастың (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама