Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегіекінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарладыVesti.kz. Бокс кеші Аргентинада өтті. Рысбектің қарсыласы жергілікті боксшыВиктор Леонардо Лот болды. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, 27 жастағы боксшы бұған дейін Астана Арланс командасында болды және оның құрамында жүріп, өткен жылы WSB жеңімпазы атанды. Еске сала кетейік, Арман Рысбек биыл ақпандакәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп,америкалық боксшыны бірінші раундтанокаутқа түсірген болатын.