Баскетболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 28 қазан мен 3 қараша аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Сары құрлықтың басты додасы биыл 25-ші рет жалауын желбіретеді. Ал Қазақстан құрамасы 2007 жылдан бері бақ сынап келеді. 2010 жылы 6-орыннан көрінген. Бұл - қазақстандық баскетболшы қыздардың үздік көрсеткіші. Биыл баратын ұлттық құрамаға Ертіс, Астана Тайгерс, сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы клубтарында сынға түсетін жас баскетболшылар шақырту алған, - деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі. Азия чемпионатындаҚазақстан Гонконг, Сирия және Самоаменбірге В тобына түскен. Тағы бір айта кететіні, Үндістандағы Азия чемпионаты 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.