Қазақстандық балуан қыз әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
45 000 ұпай еншілеген Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі төртінші орыннан екінші орынға жоғарылады. Рейтингтің көшін жапондық Ами Исии бастаса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел түйіндеп тұр.
Айта кетейік, жақында ғана Тиранада аяқталған күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында Жәмила үшінші рет күміс жүлдегер атанып қайтқан болатын. Финалда рейтинг көшін бастап тұрған Ами Исииге жол берген еді.