Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды
Грек-рим күресінен 77 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан Тамерлан Шадукаев құрлық додасында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші белдесуде қазақ балуаны Иран өкілі Педжман Поштамды 10:1 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл Тамерланның ересектер сапындағы алғашқы алтын медалі.
Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдені еншілеген болатын
Айта кетейік, биылғы Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші медалін еншіледі. Бүгін Хорлан Жақанша үздік үштікке енген.