Қазақстандық әйелдер триатлоннан әлемнің ең экстремалды жарысын бастады
Бұл дистанцияны "әлемдегі ең қиын" қашықтық деп атайды. Спортшылар Лондондағы Мәрмәр қақпасынан басталып, Париждегі Триумф аркасында аяқталатын 480 километрге жуық қашықтықты еңсереді. Қатысушылар Лондоннан Дуврға дейін жүгіріп (140 шақырым), сосын Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп (36 шақырымдай), әрі қарай Парижге велосипедпен аттанады (290 шақырым).
Дәл сол Ла-Маншта (Ағылшын каналы) соңғы үш жылда екі спортшы қайтыс болған. 45 жастағы британдық Ник Томас 2014 жылы дистанцияны 80 сағат 50 минутта кесіп өткесін, 2016 жылдың жазында өз жетістігін қайталамақ болады. Алайда мәреге жақын қалғанда есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Бір жылдан соң оқиға қайталанып, 44 жастағы ағылшын триатлоншысы Дуглас Уэймарк қайтыс болды. ArchtoArc-ты тарихта бірінші рет британдық Эдгар Этте 81 сағат 5 минутта аяқтаған болатын. Аталмыш жетістік 2001 жылы тіркелген. Қазір Эдгар — EnduromanArchtoArc директоры және ұйымдастырушысы.
"ArchtoArc"-ке тіркелу үшін спортшылар жүгіруден, жүзуден және велосипед тебуден тәжірибесі болу керек және оны құжатпен дәлелдеуі керек. Сонымен қатар, олар 16°С-тен төмен температурада жүзуден алты сағаттық тест тапсырулары қажет.
- Мұндай шектеулерге қарамастан, EnduromanArchtoArc триатлонына деген сұраныс жоғары және қатысушылар кейде өз кезектерін бір немесе екі жыл күтеді. Жарыс ережесі өте қатаң. Рефери триатлоншыларды жол бойы бақылайды, - деді Елена Кун Алматы триатлон федерациясының баспасөз хатшысына телефон арқылы хабарласқанда.
Триатлонның басталуы Ла-Манш бұғазындағы ауа-райына байланысты болғандықтан спортшылар соңғы уақытқа дейін старттың қашан басталатынын білген жоқ. Триатлон ұйымдастырушылары маршрут басталғанға 20 сағат қалғанда хабарлаған.
2 шілдеде "Темір аналар" Дуврде жүгіруді тоқтатты. 3 шілдеде қазақстандық триатлоншылар Ла-Маншты жүзіп өтті. Елена Кунның айтуынша: "Бұл менің өмірімдегі ең ұмытылмас түн болды! We did it!". Қазір қыздар EnduromanArchtoArc соңғы кезеңіне – Франциядағы велокезеңге келді.
- Бізді Еуропада тұрып жатқан отандастарымызбен қатар, жүздеген француздар мен ағылшындардың қолдап жатқанына қуаныштымыз. Бұл қазір триатлонның әлемдегі ең танымал спорт түрлеріне жататынын көрсетеді!", - деді Елена Кун.