Қазақстандық Айбота Ертайқызы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды
Қазақстандық спортшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады.
Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.
Айта кетелік, Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола жүлде алды.