Ауыр атлетикадан Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында 64 келіге дейінгі салмақтағы В тобындағы спортшылар бәсекесі аяқталды. Қазақстандық ауыр атлеттерӘсем СадықоваменКарина Горичевабірінші және екінші орынды өзара еншіледі. А тобындағы (мықтылар жарысы) жарыс Астана уақытымен сағат 20:55-те басталады. Әсем қос жаттығу бойынша 226 келіні (101+125) еңсерсе, Карина 224 келімен (107+117) шектелді. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар. Оны ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақтаАрли Чонтейжеңіп алған болатын. Ал осыған дейін жарысқа қатысып үлгергенАйдар Қазов(81 келі),Нижат Рахимов(73 келі),Сәуле Сәдуақасова(59 келі),Зульфия Чиншанло(55 келі) жәнеФархад Харки(67 келі) жүлделі орынға іліккен жоқ.