Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Cobra Weightlifting

Insidethegames.biz порталының мәліметінше, қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиада ойындарында допинг пайдаланғанына байланысты әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылған тоғыз құраманың қатарында екен. Өзге сегіз ел: Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдова.

Осы аталған құрамалардың ауыр атлеттері Бейжіңдегі және Лондондағы Олимпиада ойындарында допинг-сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде кемі үш атлеттің ағзасында тыйым салынған препараттар табылған. Ресей құрамасында 10 атлеттің допингпен ұсталғаны айтылады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқару комитетіне осы аталған құрамаларға қатысты қандай шара қолдану керектігі жайында ұсыныс түсіретін үш адамнан тұратын комиссия Будапеште кездесіп, қорытынды шығарады. Олардың есебі IWF атқару комитетінің 30 қыркүйек пен 1 қазанда Бухаресте өтетін кезектен тыс отырысында ұсынылады. Cодан кейін барып соңғы шешім шығарылатын болады. 

Тоғыз құрамаға қатысты бір жылға дейінгі шеттету шарасы енгізілетіні айтылады, алайда барлық елге әлем чемпионатынан кейін жаза мерзімін азайтуға мүмкіндік берілуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама