Қазақстандық ауыр атлет өмір бойына спорттан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ wfrk.kz

Фаина Сиванбаева үшінші рет допинг дауына іліккен. Ол алғаш рет 2012 және 2014 жылдар аралығында жарысқа қатысу құқығынан айырылса, 2015 жылдың 7 қыркүйегінде өткен Азия чемпионаты кезінде алынған «А» сынамасының қорытындысы бойынша спортшының ағзасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталған-ды. Сондай-ақ ҚР Спартакиадасында да Фаина допинг қолданған. Нәтижесінде спортшы өмір бойына спорттан шеттетіліп отыр.

Айта кетейік, Фаина Сиванбаева Азия чемпионатында үшінші орын, ал Спартакиадада алтын жүлде жеңіп алған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама