Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді әлем чемпионы атанды
Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды.
Испанияның Леон қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста қазақстандық Едіге Емберді жеңімпаз атанды.
89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақ ауыр атлеті қос жаттығудың нәтижесінде 352 келіні (153+199) бағындырды.
Бұл чемпионаттағы Қазақстан құрамасына түскен екінші медаль. Бұған дейін 81 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков жарыстың қола жүлдегері атанған болатын. Ол қос жаттығу нәтижесінде 344 кг (154+190) зілтемірді бағындырып, үздік үштікке енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!