Қазақстандық ауыр атлет Бейжің Олимпиадасының алтынын алады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Алла Важенине аспан асты елінде өткен додада күміс жүлдегер атанған болатын. Ал алтын жүлдені қытайлық Цао Лэй жеңіп алған-ды. Тамыз айында ХОК қытайлық спортшының допинг қолданғандардың «қара тізіміне» енгізді. Жақын күндері Цао Лэйдің допинг қолдануына байланысты ресми шешімін шығаратын болады.

Алла Важенина Ресейде дүниеге келген. Ұлттық құрамаға ілікпегеннен кейін Қазақстан құрамасы атынан шығуға мүмкіндік алған.

Айта кетейік, осыған дейін допинг дауына байланысты жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова қола медаль, балуан Нұрбақыт Теңізбаевтың күміс жүлдегер атанатыны белгілі болған еді.

Осыған дейін ХОК қазақстандық бес спортшыны жүлделерінен айырды. Атап айтар болсақ, ауыр атлет Илья Ильиннің екі Олимпиададағы жүлделері кері қайтарылады. Сондай-ақ, 2012 жылғы Олимпиада чемпиондары Светлана Подоведова, Зульфия Чиншанло мен Майя Манезаның жетістіктері жоққа шығарылды. Балуан Теймураз Тигиев те Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін кері қайтаратын болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама