Қазақстандық әскери қызметші олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды
"Армия спортшысы жуырда Австрияның Вена қаласында өткен жеңіл атлетикадан "Vienna City Marathon" халықаралық марафонына сәтті қатысып, олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Біздің құрама команданың атынан 30 жеңіл атлетші спортшы қатысты. Қазір Михаил Красилов белсенді жаттығу үстінде, себебі ол алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада кезінде міндетті түрде жүлделі орын иеленуді жоспарлап отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) таэквондо бойынша қазақстандық Қарулы Күштердің командасымен оқу-жаттығу жиыны жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея Қарулы Күштерінің құрама командасымен бірге жаттығу жүргізеді. "Осындай бірлескен оқу-жаттығулар Қазақстан мен Оңтүстік Корея спортшылары үшін тиімді. Осы орайда жинақталған тәжірибе алдағы уақытта біздің спортшыларымыздың республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда сәтті нәтиже көрсетуіне ықпал етеді", - деп атап өтті ҚР ҚМ АОСК аға жаттықтырушы - таэквондо бойынша топ бастығы капитан Әнуар Үсенов.
сурет: tengrinews.kz