Қазақстандық алты боксшы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Турнирде бірінші кездесуді 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы өткізді. Бұл кездесуде ол мексикалық боксшы Мисаэл Родригесті жеңді. Ал 91 келіге дейінгі категорияда Василий Левит бразилиялық боксшы Жуан Голсалес Ногуэйрамен кездесуі керек еді. Бірақ қазақстандықтың қарсыласы рингке шықпады.
1/8 финалынан өткен қазақстандық тағы бір боксшы Олжас Сәттібаев (52 келіге дейінгі салма дәрежесі). 27 жастағы қазақстандыққа қарсы Болгариядан келген Даниэл Асенов шықты. Барлық үш раундта да екі боксшы белсенді болды, соңында төрешілер басымдықты Сәттібаевқа берді.
Әлем чемпионы және бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) Беларусьтен келген Павел Кастраминмен жұдырықтасты. Елеусінов қарсыласына мүмкіндік бермей, бұл кездесуді сауатты өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының капитаны 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) турнирдегі бірінші жекпе-жегінде сириялық Ала Алдын Хуоссоунды жеңді, ал Иван Дычко (91 келіден жоғары) Бразилия боксшысы Рафаэль Дуарте Лиманы тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, бокстан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстаннан сегіз боксшы шықты. Олардың екеуі турнирді аяқтады: Закир Сафиуллин (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) ресейлік Адлан Абдрашидовтан жеңілсе, Қайрат Ералиев (56 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) 1/8 финалда өзбек Муроджон Ахмадалиевке жол берді.