Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды
Бірінші орынды қазақстандық Василий Пивцов, Ильдар Габбасов және Александр Софрыгиндер иеленді. Олар жеті балдық, қиындығы бойынша 6Б категориялы Хан-Тәңірі (6995 метр) шыңының Орталық жартасын бағындырды.
Екінші орын украиндық команда мүшелері: Дмитрий Венславовский, Владимир Клебанский, Дмитрий Романенко және Федор Митюхиндерге бұйырды. Олар қиындығы 5Б болатын оңтүстік-батыс жартасымен көтеріліп, 4,82 балл еншіледі.
Үштікті ресейлік альпинистер қорытындылады. Олар: Андрей Лебедев, Михаил Бабич, Иван Жданов, Владимир Лавриненко және Юрий Максимович. Ресейліктер 5А категориясына жататын Ленин шыңын (7134 метр) бағындырған болатын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: transavia-service.kz