Қазақстандық 5 ауыр атлет допинг күдігіне іліккен

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ daserste.de

Допинг күдігіне іліккен спортшылардың есімі әзірге құпия сақталып отыр. Олардың «Б» сынамасының тексерулері жүргізіліп жатыр екен.

- ҚР ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарламасы бойынша 2008 жылы Пекинде, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық 5 ауыр атлеттің «А» сынамасы бойынша күдік тудырғанын мәлімдейді, -  делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, қазір Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сәйкес "Б" допинг сынамалары қосымша тексеріліп жатыр екен.

ҚР ҰОК өкілдері қазір Лозанна (Швейцария) қаласында жүр, сол жерде "Б" допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтіп жатыр. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ережелеріне сәйкес, бұл процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ресми ақпарат жарияланбайтын болады.

"Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады. Ақпарат құралдары таратып жатқан ақпаратты ҚР ҰОК растап немесе жоққа шығара алмайды", - делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпиондары - Зульфия Чиншанло мен Илья Ильиннің қанынан допинг табылғаны хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама