Қазақстандық 10 спортшы еркін күрестен әлем чемпионатына қатысады
Ұлттық олимпиадалық комитет Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын отандық еркін күрес шеберлері Тирана төрінде бақ сынайтынын мәлімдеді. Әзірге 9 спортшының есімі белгілі. Ал 74 келі салмақта күресетін спортшының есімі әлі анықталмады.
Әлемдік дода 21-27 қазан аралығында өтеді. Еркін күрес шеберлері Тирана төрінде бақ сынайтын болады.
Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:
57 келі: Алан Оралбек
61 келі: Әділет Әлмұхамедов
65 келі: Бекзат Ермекбай
70 келі: Ернұр Нұрғазы
74 келі: Әлі анықталмады
79 келі: Жеңіс Қаныбеков
86 келі: Нұржан Исағалиев
92 келі: Бекзат Аманғалиев
97 келі: Ризабек Айтмұхан
125 келі: Омархан Надиров
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!