Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлады. - 17 мамыр күні Копенгагенде (Дания) Халықаралық шайбалы хоккей қауымдастығының жылдық Конгрессі басталды. 2019 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы А тобы ойындарын өткізуге Қазақстан мен Словения өтініш берген. Бүгін Конгрессте дауыс беру рәсімі өтіп, Қазақстан әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды! Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден ерлер арасындағы бірінші дивизионның А тобындағы әлем тартысы өтеді, - делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, бірінші дивизиондағы құрамалары элиталық дивизион жолдамасына таласады. Жарыс 2019 жылдың 29 сәуірі ме 5 мамыры аралығында Барыс Аренада өтеді. Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения мен Литваелдерінің құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады. Қазақстан ұлттық құрамасы 2015 жылдан бері элиталық дивизионға шыға алмай келеді.