Қазақстанда тәуелсіз антидопинг комиссиясы құрылды
Қазіргі уақытта комиссия Астанада орналасқан ұлттық антидопинг орталығы мен зертханасындағы қызметін шолуға кіріседі, олардың халықаралық қатысушыларымен қарым-қатынасының механизмін қарастырады.
"Спорттағы допингпен күрес жөніндегі тәуелсіз комиссияның құрылуының мақсаты − Қазақстанда антидопинг бақылауының жүйесін жетілдіру және "таза спортшыларды" қорғау. (...) Кейінірек, біз комиссия құрамасына халықаралық деңгейдегі сарапшыларды қосуды жоспарлап отырмыз. Қазақстандық тәуелсіз комиссия дүниежүзілік антидопинг агенттігімен толықтай әрекеттестікте жұмыс істейтін болады (WADA). Бүгінгі замандағы спорттағы проблемаларға қарсы осындай реакция ұлттық антидопинг ұйымының жұмысын жетілдіреді деп, сонымен қатар елімізде "допингсіз спортты" дамытуға қолғабыс етеді деп сенемін", − деді Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.
Еске салайық, таяуда қазақстандық ауыратлет Татьяна Капустина юниорлар арасындағы әлем чемпионатында алған алтын медалінен айырылған болатын. Ал оған дейін ересектер арасындағы штангашылардың айналасында дау туған еді.
Дереккөз: tengrinews