Қазақстанда ойнаған футболшы Чемпиондар лигасында гол соқты
Братиславаның "Слован" командасында ойнайтын футболшы кеше "Миланға" қарсы матчтың 24-минутында гол соқты. Сондай-ақ 88-минутта нәтижелі пас берді. Алайда команда италиялық клубтан ұпай еншілей алмады.
"Милан" 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпайды еншілеп қайтты.
Opta Sports ақпараты бойынша Тигран Барсегян Чемпиондар лигасында гол соққан екінші армян футболшысы. Бұған дейін Генрих Мхитарян (7 гол) гол соққан.
"Слован" Чемпиондар лигасында әзірге бірде-бір ұпайы жоқ команда. Келесі турда Мадридтің "Атлетико" командасымен ойнайды. "Милан" 9 ұпаймен 14-орында келеді. Келесі ойынын өз алаңында "Црвена Звездаға" қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Тигран Барсегян - 2019 жылы Қызылорданың "Қайсар" клубында, 2020-2021 жылдары "Астана" сапында доп тепкен.