Қазақстан Универсиада ойындарындағы бесінші алтын медальды иеленді
Фристайлдың могул түрі бойынша өткен сайыста отандасымыз Дмитрий Рейхард жеңімпаз атанды. Ал екінші бір қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков қола жүлдегер атанды. Күміс медальды ресейлік спортшы Сергей Шимбуев жеңіп алды.
Айта кетейік, осыған дейін фристайлдың могул түрінен әйелдер арасында Юлия Галышева жеңімпаз атанған болатын.