Қазақстан «Тур де Франстың» алғашқы кезеңін өткізуге ниетті
- Бұл қазір жай ғана әзіл ретінде көрінері белгілі, бірақ Йоркширдің (Ұлыбритания) тәжірбиесі бізге сабақ бола алады. «Тур де Франс» - спортта да, велоспортта да байрақты бәсеке. Бес миллион адамның жолға шығып қолдау білдіруінен-ақ мұны байқауға болады. Біздің мақсат, бір рет болса да осыны елімізде өткізу. Үш жыл дайындалған Йоркшир секілді біздің де бұл доданы бастауға мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын, - деген.
«Тур де Франс» - велоспорт тарихындағы ең ірі жарыстардың бірі. Бір ғасырдан астам тарихы бар додаға жыл сайын көз тігетін жанкүйерлер саны артып отырған. Француз тілшілері ойлап тапқан аламанның алғашқы кезеңін көрші елдерден бастау үрдісі 1954 жылдан бері жалғасып келеді. Ең алғаш Амстердам қабылдаса, кейіннен Бельгия, Германия, Швейцария, Люксембург, Испания, Ұлыбритания және Ирландия елдерінде алғашқы кезеңінің шымылдығы түрілді. Егер барлық талаптарға сай жұмыс жасалып, Қазақстан дүбірлі доданың алғашқы кезеңін қабылдап жатса, еліміздің абыройы асқақтамаса, төмендемесі белгілі.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн алдын аяқталған «Тур де Франс» додасында «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали топ жарған болатын. Сол жеңісінен кейін велошабандоз Халықаралық велоспорт федерациясының (UCI) жаңарған рейтингінде 38 сатыға жоғарылаған-ды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: ria.ru, ortcom.kz