Қазақстан шорт-тректен алғаш рет Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақстан атынан эстафеталық жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты. 

Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Харбинде шорт-трекшілер үш медальға ие болды, олардың барлығы эстафеталық жарыстарда еншіледі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама