Қазақстан премьер-лигасының деңгейі төмендеп бара ма?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

2014 жылғы IFFHS рейтингінде Қазақстан премьер-лигасы 45 сатыға жоғарылап, 38-орынға тұрақтаған еді. Биыл қазақстандық клубтар еурододада сәтті өнер көрсеткенмен, ішкі біріншіліктің рейтингте нәтижесі төмендеген.

Испания чемпионаты (Ла-Лига) IFFHS рейтингінде алтыншы жыл қатарынан көш тізгінін берер емес. Екінші орынға Италия чемпионаты өткен жылғы орнын сақтап қалған. Үшінші орынға неміс бундеслигасы көтерілген.  Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Аргентина, Франция, Бразилия, Англия, Португалия, Бельгия және Ресей елдерінің чемпионаттары еніп отыр.

Айта кетейік, IFFHS жариялаған клубтар арасындағы рейтингте «Астана» мен «Қайрат» әлемдегі жылдың үздік 100 клубының қатарына қосылған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама