Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – делінген Өкім мәтінінде.