Қазақстан Парижге 51-жолдаманы жеңіп алды
Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл ел қоржынына түскен 51-жолдама екенін айта кетейік. Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
Еске салайық, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.