Қарағандылық спортшы Наталья Звягинцева паралимпиададан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүзуден алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайдыVesti.kzтілшісі. Қазақстанның тарихи жеңісі жайлы еліміздің Паралимпиада комитетінің басшысыҚайрат БоранбаевInstagram желісіндегі парақшасында жазды. - Наталья Звягинцева (Қарағанды) жаңа әлем чемпионы. 50 метрге шалқалай жүзуде бірінші орын алды. Бұл Қазақстан тарихындағы Паралимпиададан әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш алтын жүлде. Наталья Мексикада Азия рекордын да жаңартты, - деп жазды. Айта кетейік, Наталья Звягинцева 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарына да қатысқан еді. 100 метрге шалқалай жүзуде 7-орын алған болатын. Публикация от Kairat (@kairat4)Дек 4 2017 в 8:10 PST Мексикада тағы бір жүлдені Риодағы Паралимпиада ойындарының жеңімпазыЗулфия Ғабидуллинажеңіп алды. Ол 100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс медаль еншіледі.