Қазақстан олимпиадашылары ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасуда

Қайсар Қауымбек Корреспондент

Кездесу аясында Лондондағы олимпиаданың ресейлік жүлдегерлерімен және мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен кездесулер жоспарланған. Елдегі басты спорттық нысандарға бару, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысу күтілуде.

Бірінші күні біздің спортшыларымыз РФ Спорт министрінің орынбасары Павел Колобковпен кездесу өткізді.

«Қазақстандықтар бұл бәсекеде өз күштеріне сенімділігін көрсетті. Сіздер үшін тек қазақ елі ғана емес, Ресейдегі көптеген спорт жанкүйерлері тілектес болды. Сіздерді және жаттықтырушыларыңызды табыстарыңызбен құттықтаймын. Спортымыздың тамырлары бір, тарихи достығымыз да бар. Әрине, біз өз спортшыларымыздың әр қадамына елеңдеп отырдық, сондай-ақ қазақстандық спортшылардың жетістігіне де қуандық», - дейді Павел Колобковпен

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама