Қазақстан – Нидерланд ойынына қызғалдақтар елінен 200 жанкүйер келмек

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Фото ©️ www.eurocuppictures.com

Ұшақпен 15 сағаттық жолды басып өтетін жанкүйерлер ойынның қызықты өтетініне күмән келтірмеуде. Нидерланд ұлттық құрамасының фан-клуб жетекшісі Тео Пау: "Қазір біздің құрама өте ауыр кезеңдердің бірін өткеруде. Әрине жеңген команданы қолдау оңай болмақ, алайда құрамамен бірге болып, футболшыларға қай жерде болмасын қолдау көрсету арқылы біз олардың жүрегіне кішкене де болса сенімділік сыйлауымыз мүмкін", - дейді.

Тағы да естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні, Астана уақыты бойынша 22:00-де Қазақстан – Нидерланд арасында тартысты ойын өтпек. Қонақтардың қарқынына төтеп беру үшін біздің құрама ойыншылары қызу дайындық жүргізіп жатыр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама