Пхенчхандағы ХІІ қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте үздік 20 құраманың қатарынан көрінді. Бүгін 4х2,5 шақырымдық шаңғышылар сайысы бойынша жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық паралимпиадашылар 6-орыннан көрінді. Жабылу салтанаты өтіп, ресми ту 2022 жылы Бейжіңде өтетін жарыс ұйымдастырушыларына табысталды. Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарына барлығы 48 елден 567 паралимиадашы қатысты. 6 спорт түрі бойынша 80 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан құрамасының қоржынына түскен тарихи алтын медальды шаңғышыАлександр Колядинжеңіп алды. Ол 14 наурыз күні 1,5 шақырымдық классикалық спринтте үздік шықты. Сондай-ақ 12 наурызда қазақстандық шаңғышыАлександр Герлиц20 шақырым қашықтықты еркін стильде жүріп өтуде 4-орын алды. Үздік жетілікке енген паралимпиадашылар мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады. Қазақстан мен Қытай құрамалары 1 алтын медальмен 20-орыннан көрінді. Ал жалпы есепте АҚШ құрамасы бірінші орынды иеленді. Олар 13 алтын 15 күміс 8 қола медаль еншілеген. ХОК туы астында жарысқа қатысқан ресейлік паралимпиадашылар 8 алтын 10 күміс 16 қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті 8 алтын 4 күміс 16 қола алған канадалық паралимпиадашылар түйіндеді. Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 қола медаль алып, жалпы есепте 28-орын алған еді.