Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақатынан айықты
Қорғаушы командасының «Ингольштадқа» қарсы ойынына бірінші минуттан бастап қатысты. 81 минутта Соареспен алмасты. Сырт алаңда өткен ойында «Фортуна» қарсыластарына 3:2 есебімен есе жіберді.
Жарақатына байланысты Гейнрих Шмидтгаль осыған дейінгі ұлттық құрама ойынына да қатыса алмай келген еді. Жаттығу кезінде алған ауыр жарақатынан кейін аяғына ота жасатқан болатын. Ойыншы 12 маусымда Түркияға қарсы ойынға шақыртылып қалуы мүмкін. Қазіргі таңда ол ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
Сурет: bundesliga.de