Қазақстан құрамасының жаңа капитаны қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Manas Корреспондент
Фото ©️ GOV.KZ

92 келіден аса салмақтағы 1/8 финалда Айбектің қарсыласы украиналық Кирилл Стоянцев болды. Бұл кездесуде қазақ боксшы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Енді Айбек 2 қазанда өтетін 1/4 финалда түркиялық Айдемир Угурмен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Айбек Париж Олимпиадасынан кейін салмақ категориясын ауыстырды, бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан. 

Сонымен қоса, ол Асыланбек Шымбергеновтің орнына бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама