Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қазақ тілін үйренуді бастады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ facebook.com/kanat.tassibekov

Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақша сұрақ қойған тілшінің сауалына шамданған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.

Бүгін жеке әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын маман Қанат Тасыбеков ресейлік жаттықтырушының қазақ тілін үйренуге келгені жайлы жазды.

Ситуативный казахский әдістемем бойынша бірінші сабақты өткіздік. Тілдерге деген қабылеті бар екен Станислав мырзада (неміс тілін өз бетімше оқып үйрендім деді мысалы), ал ең бастысы, қазақ тілді үйренуге ынтасы, ниеті бар адам екен. Олай болса, тәуекел, біз бастадық, сәттілік тілеп қойсаңыздар болады бізге, - деп жазды Қанат Тасыбеков.

Қазақ тілін үйренуді бастағанын Станислав Черчесовтің өзі инстаграм парақшасында хабарлады. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құрамада Магомед Адиевтің орнына келген болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама