Қазақстан құрамасындағы көпбалалы ана Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

Ширек финалда қазақстандық боксшы филиппиндік Магно Офелиядан басым болып шықты.

7 желтоқсан күні жартылай финалда өзбек қызы Фарзона Фазиловамен жұдырықтасады.

Әйгерім Сәттібаева - 5 баланың анасы. Азия чемпионы Олжас Сәттібаевтың жұбайы. Іште қалып қойған арманы мен жете алмаған жетістігі үшін шаршы алаңға қайта оралды. Жуырда ғана Қарағандыда өткен "Мықтылар турниріне" қатысып, чемпион атанды. 

Айта кетейік, Әйгерім Қазақстан құрамасы сапында жартылай финалға шыққан 10-шы боксшы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама