Қазақстан құрамасына Головкин шақырған шетелдік маман кім?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/camacho100/

Азия чемпионаты 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді. Дайындық процесінің бастапқы кезеңі Алматыдағы оқу-дайындық жиынынан басталды. Бұл жиын жалпы физикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу жиынына Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған. Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлық біріншілігіне дайындайды.

Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу жиындарына қатысып көмектескен. Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама