ФутболданҚазақстан ұлттық құрамасыҰлттар лигасындағы бәсекені аяқтады. Топтағы соңғы ойындаСтанимир Стойловжаттықтыратын команда ТбилисидеГрузия құрамасынаесе жіберді. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Үш гол да екінші таймда соғылды. Тбилисидегі ойынға қақпашыНенад Эрич, жартылай қорғаушыларБауыржан Исламхан, Георгий ЖуковпенЕркебұлан Тұңғышбаевбарған жоқ. Жаттықтырушылар құрамы жастар мен өзге де ойыншыларға сенім артты. Тобыл командасының қақпашысыДмитрий Непогодовұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынына қатысты. Украиналық спортшы Қазақстан атынан қатысуға мүмкіндік алған еді. Ойындағы алғашқы голды 59 минуттаГеоргий Меребашвилисоқты. 83 минуттаГеорги Чакветадзежеке шеберлігін танытып, есепті еселеді. Бұл ойыншы алғашқы ойында да гол соққан болатын. Жай гол емес, Ұлттар лигасындағы алғашқы тарихи голды да Қазақстан құрамасы қақпасында тулатқан еді. 89 минутта алаңғаОралхан Өміртаевшықты. Араға 1 минут сала гол соғып, есепті қысқартты. Бұл шабуылшының ұлттық құрамадағы алғашқы ойынындағы алғашқы голы болды. Төреші қосқан қосымша 3 минутта есеп өзгеріссіз қалып, алаң иелері жеңіске жетті. Топта 16 ұпай жинаған Грузия құрамасы 1-орын алды. Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен 2-орынға тұрақтады. Латвия мен Андорра құрамалары 4 ұпаймен жарысты аяқтады. Соңғы ойында екі құрама 0:0 есебімен тең тарқасты. Грузия құрамасы С дивизионына жоғарылады. Сондай-ақ 2020 жылғы Еуропа чемпионаты жолдамасына таласады. Айта кетейік, Грузияны 2013-2015 жылдары Қайрат командасының тізгінін ұстағанВладимир Вайссжаттықтырады.