Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) су жаңа турнирі Ұлттар лигасы АстанадағыҚазақстанменГрузияқұрамалары арасындағы ойынмен басталды. Астанада өткен кездесуде қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан мен Грузия арасындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Алғашқы қауіпті соққыныБауыржан Исламханайып соққысынан бағыттаған. Доп қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Одан кейін 26 минуттаДмитрий Шомкодопты қақпа сызығынан қайтарды. Дәл осындай қауіпті шабуылды Қазақстан құрамасы да жасады. Бұл жолы қонақтар қатарынанГеоргий Наваловскийқақпасын голдан аман алып қалды. Екінші тайм басындаАндрей Щеткинніңгол соғатын тамаша мүмкіндігі болған. Алайда Қазақстан құрамасының шабуылшысыРоман Мұртазаевтыңтамаша пасын пайдалана алған жоқ. 69 минуттаГиоргий Чакветадзешеберлік танытып,Ненад Эричқақпасына допты тура бағыттады. Доп қақпа торында тулап, есеп ашылды. Грузин футболшысы Ұлттар лигасының тұңғыш тарихи голын соқты. Араға 5 минут сала Грузия құрамасы қарымта шабуылда есепті еселеді.Сергей Малыйдопты сәтсіз тосып, өз қақпасына гол енгізіп алды. Автогол... Ойын соңына қарай Қазақстан құрамасы шабуылын үдеткенмен, гол соға алмады. 2:0 есебі сақталып, қонақтар 3 ұпайға ие болды. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі ойынын 10 қыркүйек күні сырт алаңдаАндоррағақарсы өткізеді.