Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында бірде-бір гол соға алмады
Ослода өткен ойында норвегтер айқын басымдықпен жеңіске жетті. Матчта Эрлинг Холанд хет-трик жасаса, Сорлот пен Нуса бір-бір голдан еншісіне жазды.
Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама топтық кезеңдегі 6 ойында бірде-бір гол соқпады. Өз қақпаларына 15 гол өткізді. Бар болғаны 1 ұпай жинап, "С" дивизионына төмендеді.
"В" тобындағы үшінші топта бірінші орынды 13 ұпай жинаған Норвегия құрамасы иеленді. 11 ұпай жинаған Аустрия екеуі "А" дивизионына жолдама алды.