Қазақстан құрамасы карпишингтен қола жүлде иеленді

О Сансызбай Корреспондент

Қазақстан құрамасы карпфишингтен әлем чемпионатына 2008 жылдан бастап қатысып келеді. Бұл жерлестеріміздің осы уақыт аралығындағы ең алғашқы үлкен жетістігі болып отыр. Португалияның Монтаржил көлінде өткен сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 2012 жылғы Әлем чемпионы Румыния мен жарыстың бірнеше дүркін жеңімпазы ОАР құрамаларын артта қалдырып, қол жүлдені қанжығаларына байлады.

Спортшыларымыз 3 қазан күні елге оралады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: karpolov.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама