Бұл күндері Иран елінің астанасы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтуде.5 алтын 2 күміс 1 қоламедаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында келеді. Жарыстың бірінші күніТатьяна НерознакпенИрина Эктоважеңімпаз атанса,Надежда Дубовицкаяқола алған-ды. Бүгін қоржынымыз 3 алтын 2 күміс медальмен толықты. 400 метрге жүгіргенСветлана Голендова(Жамбыл облысы) менЭлина Михина(ШҚО) алтын мен күмісті өзара бөлісті. 24 жастағы Светлана мәреге 53.28 секундта жетті. Элина болса 53.49 секундпен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде Шри-Ланка спортшысына бұйырды. 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіргенӘйгерім Шыназбековақазақ қыздары арасынан алғаш болып, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Әйгерім Тегеранда аталған қашықтықты 8.32 секундта жүгіріп өтті. Үшінші алтынға сырықпен секірушіАнастасия Ермаковаие болды. 17 жастағы спортшы 3.70 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті. Екінші күміс медальдыВиктория Зябкинаеншіледі. Ол 60 метрге жүгіруде екінші келді. Жарыс ертең аяқталады.