Қазақстан құрамасы «Гран-при» бәсекесін жеңіспен бастады
Ә дегеннен-ақ Александр Гутор баптайтын әуедопшы арулар қарсыластардан басым екендігін байқатты. Бірінші кезеңде аустралиялық арулар да ұпай иеленуге барынша тырысты. Қорытындысында 25:21 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Екінші және үшінші кезеңдерде айқын басымдыққа ие болған отандастарымыз 21:16, 21:16 нәтижелерімен жеңіске жетті. Қорытындысында Қазақстан құрамасы үш ұпайды қоржынға салды.
Естеріңізге сала кетсек, әлемдік доданың шымылдығын түрген ойында Чехия құрамасы хорваттардан 3:1 есебімен жеңіске жеткен-ді. Ал жарыс 27 шілде күні аяқталады. Бәсекенің басты жаңалықтарымен біз сіздерді хабардар етіп отыратын боламыз.
Қазақстан-Аустралия 3:0 (25:21, 25:16, 25:16)
Қазақстан- Мудрицкая,Анарқұлова, Исаева, Ягодина, Фендрикова, Омельченко, Ишимцева, Стороженко, Анарбаева, Береснева, Наседкина.
Аустралия - Осадчук, Пайн, Гуннингхам, Годфрей, Савеа, Уолтер, Кудзиэла, Донаван, Риив, Хайнес, Райдер.
Ертең «Гран-Придің» екінші күні, яғни 26 шілдеде Қазақстан құрамасы Хорватиямен, ал Аустралия қыздары Чехия құрамасымен кездеседі.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: volley.kz