Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үздік жүздіктен шығып қалды
Александр Бородюк жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурыз айында бір жолдастық, бір ресми кездесу өткізді. Жолдастық кездесуде Кипр құрамасына ұтылса, 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Арменияға да есе жіберді.
ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында да өзгерістер орын алды. Ресейдегі әлем чемпионатына бірінші болып жолдама алған Бразилия құрамасы көш басына шықты. Олар бірінші орындағы Аргентина құрамасын екінші орынға ығыстырды. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Швейцария құрамасы енді. Ал Уругвай құрамасы алғашқы ондықтан шығып қалды.
Алғашқы ондық:
1 (2). Бразилия - 1661 ұпай;
2 (1). Аргентина - 1603;
3 (3). Германия - 1464;
4 (4). Чили - 1403;
5 (7). Колумбия - 1348;
6 (6). Франция - 1294;
7 (5). Бельгия - 1281;
8 (8). Португалия - 1259;
9 (11). Швейцария - 1212;
10 (10). Испания - 1204;
... 105 (94). Қазақстан - 325.
Жақша ішіндегі құрамалардың өткен айдағы рейтингі
Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Ливерия ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 39 саты төмендеп, 141-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Македония құрамасы еншіледі. Олар 33 саты жоғарылап, 133-орынға табан тіреген.