Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде екі сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады. Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер көп емес.Бельгия мен Франция құрамаларының ұпайы теңесіп, бірінші орында келеді. Бразилия құрамасы - үздік үштікте. 1. Бельгия17291. (1).Франция17293. (3).Бразилия16634. (4).Хорватия16345. (5).Уругвай16326. (6).Англия16127. (7).Португалия16068. (8).Швейцария15989. (9).Испания159710. (9).Дания1581... Станимир Стойловжаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айында екі ойын өткізді. Ұлттар лигасындағы алғашқы ойында Грузияға есе жіберсе, Андоррамен тең түсті. Бұл нәтижелер ұлттық құраманы рейтингте жоғарылатқан жоқ. Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасымен бір топтағы Грузия құрамасы үш орын жоғарылап, 93-орынға табан тіреген. Андорра да екі саты алға озып, 128-орыннан көрінді. Латвия екі орын төмендеп, 131-орынға түсті. Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтиженіГана ұлттық құрамасыкөрсетіп отыр. Олар бірден6саты төмендеп,51-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішінУкраинақұрамасыеншіледі. Олар6саты жоғарылап,29-орынға табан тіреген. Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.