Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер жоқ. Көш басында Бельгия құрамасы келеді. Одан кейін Франция мен Бразилия құрамалары келеді. Англия мен Хорватия, Уругвай мен Португалия құрамалары өзара орын алмасқан.

1 (1). Бельгия - 1737 ұпай;
2 (2). Франция - 1734;
3 (3). Бразилия - 1676;
4 (5). Англия - 1647;
5 (4). Хорватия - 1621;
6 (7). Уругвай - 1613;
7 (6). Португалия - 1607;
8 (8). Швейцария - 1604;
9 (9). Испания - 1601;
10 (10). Дания - 1586;

(Жақша ішіндегі өткен айдағы орындары)

Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айында екі ресми ойын өткізді. 2020 жылғы Еуропа іріктеу кезеңі аясында Шотландияны ұтып, Ресей құрамасына есе жіберді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама