Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sk-sport.kz

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алмаған. Бельгия құрамасы көш басында болса, екінші орында Аргентина құрамасы келеді. Үштікті испандықтар қорытындылап тұр.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Ливия ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 24 саты төмендеп, 105-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Палестина құрамасы еншіледі. Олар 21 саты жоғарылап, 110-шы орынға табан тіреген.

Қазақстан құрамасы қаңтар айында ойындар өткізген жоқ. Әзірге ұлттық құрама жаттықтырушысы да тағайындалған жоқ. Десе де жаңарған рейтингте бір саты жоғарылап отыр. Отандастарымыз наурыз айында үш жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен, 26 наурыз күні Антальяда Әзірбайжан құрамасымен ойнайды. 29 наурыз күні Тбилисиде Грузия құрамасымен ойнаса, араға бір күн сала Қырғызстан құрамасымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама